Ауыр атлет Ксения Прозорова Азия чемпионы атанды

/
Ауыр атлет Ксения Прозорова Азия чемпионы атанды
olympic.kz

Ташкентте (Өзбекстан) жас жеткіншектер мен жасөспірімдер арасында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жарыстың кезекті күнінде Қазақстандық Ксения Прозорова тұғырдың ең биік сатысына көтерілді.

Спортшы 61 келіге дейінгі жасөспірімдер санатында Азия чемпионы атанды. Қоссайыс қорытындысы бойынша Ксения 204 (94+110) келі көтерді.

Екінші орынды Өзбекстан өкілі Муниса Балтаева 200 (89+111) келі нәтижесімен иеленді. Иран спортшысы Хажар Седе 195 (90+105) келіні еңсеріп, үздік үштікті түйіндеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар