«Ота үстінде кетіп қала ма деп»: Гүлзира Айдарбекова өзін алаңдатқан жағдайын бөлісті

/
«Ота үстінде кетіп қала ма деп»: Гүлзира Айдарбекова өзін алаңдатқан жағдайын бөлісті
Скриншот

Продюсер Гүлзира Айдарбекова ағасының денсаулығына қатысты жазба жариялады. Ол жақын адамының ауыр жағдайына алаңдап, ем іздеп жүргенін жеткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оның сөзінше, ағасына бауыр циррозынан бөлек, бауыры мен жүрегінде тромб бар екені анықталған. Дәрігерлердің кеңесін іздеген Айдарбекова ағасына ем іздеп жүргенін жеткізді.

«Жаным, бауырым, амандығыңменен қуантшы. Миымнан еш кетер емес, қайдан, қалай ем болады деген. Бармаған дәрігерім қалмады», – деп жазды ол.

Продюсердің айтуынша, ағасының жағдайына байланысты дәрігерлер ота кезінде өміріне қауіп төнуі мүмкін деп алаңдайтын көрінеді.

«Бауыр циррозынан бөлек, 90 пайыз тромб болғандықтан, барлық дәрігер «ота үстінде кетіп қала ма» деп абыройларынан қорқатын сияқты.

Денсаулыққа мән беріңіздер, кеш болып қалмасын», – деп жазған Гүлзира Айдарбекова.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар