Қазақстанда бір күнде 6 орман өрті тіркелді

/
Қазақстанда бір күнде 6 орман өрті тіркелді
Видеодан скриншот

2026 жылы 10 тамызда Республика бойынша 6 орман өрті тіркелді, деп хабарлайды ҚР Экология министрлігінің баспасөз қызметі.

Өңірлер бойынша:

Ақтөбе облысы - 1 өрт;Жетісу облысы - 1 өрт;Қостанай облысы - 1 өрт;«Семей орманы» МОТР - 1 өрт.Өрт сөндіру қызметіне мемлекеттік орман мекемелерінің күштері мен құралдары сонымен қатар, «Казавиаорманқорғау» РМҚК әуе десанттары және су төгу құрылғысымен жабдықталған тікұшағы жұмылдырылды.

-«Казавиаорманқорғау» РМҚК қызметкерлерінің әуе патрульдеуі барысында және өрттерді жедел анықтау жүйесі арқылы өрт ошақтары анықталған сәттен бастап жедел хабарлау арқылы қажетті күш құралдар уақытылы өрт орнына жетіп, аз уақыт ішінде оқшаулап, толық сөндірді.Аптап ыстықтың кезінде табиғат аясында демалушыларды өрт қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырамыз,-делінген хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар