Семейде көпқабатты үйлердің бірінен өрт шықты (ВИДЕО)

/
Семейде көпқабатты үйлердің бірінен өрт шықты (ВИДЕО)

Семей қаласында көпқабатты тұрғын үйлердің біріндегі пәтерден өрт шығып, ТЖМ қызметкерлері бір адамды құтқарды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жалынды ауыздықтауға кірісіп, түтінге толған пәтер ішінен 1986 жылы туған ер адамды алып шыққан.

Сонымен қатар құтқарушылар пәтерден газ баллонын сыртқа шығарып, оның қызып кетуінен туындауы мүмкін қосымша қауіптің алдын алды.

Өрт толықтай сөндірілді. Құтқарылған ер адам медициналық тексеруден өту үшін жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.

Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарға өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауды, электр құралдарын қараусыз қалдырмауды және электр сымдарының жарамдылығын үнемі тексеріп отыруды ескертті.

Өрт шыққан жағдайда 112 нөміріне дереу хабарласу қажет.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар