Қазақстандық Дияр Нұрғожай UFC турнирінде қарсыласын нокаутқа жіберді

/
Қазақстандық Дияр Нұрғожай UFC турнирінде қарсыласын нокаутқа жіберді
Фото: Jeff Bottari/Zuffa LLC via Getty Images

Жартылай ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық Дияр Нұрғожай UFC турнирінде қарсыласын нокаутпен жеңді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстандық спортшының қарсыласы бразилиялық Бруно Лопес болды.

Үш раундқа жоспарланған жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталды – Дияр бірінші раундтың соңғы секундында қарсыласын нокаутқа жіберді.

Бұл – Диярдың UFC-дегі екінші жеңісі. Жекпе-жек Лас-Вегастағы Apex аренасында өтті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар