Алан Құрманғалиев үстел теннисінен халықаралық турнирде жеңімпаз атанды

/
Алан Құрманғалиев үстел теннисінен халықаралық турнирде жеңімпаз атанды
ҰОК

Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Алан Құрманғалиев АҚШ-тың Спокан қаласында өткен WTT Youth Contender халықаралық турнирінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады Ұлттық Олимпиада комитеті.

Жарыс барысында Алан төрт кездесу өткізді.

"Қазақстандық спортшы америкалық Алекс Лоны 3:1, Абхинав Ширбхатты (АҚШ) 3:0 және Эндрю Цаоны (АҚШ) 3:0 есебімен жеңді", - деп жазылған хабарламада.

Ал финалда Құрманғалиев аустралиялық Чулун Не Чулунды 3:1 есебімен ұтып, турнирді бірінші орынмен аяқтады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары