Арлан Жаңабай триатлоннан Түркістанда өткен Азия кубогы кезеңінде күміс медаль жеңіп алды

/
Арлан Жаңабай триатлоннан Түркістанда өткен Азия кубогы кезеңінде күміс медаль жеңіп алды
ҰОК

Түркістанда триатлоннан Азия кубогының кезеңі аяқталды.

Ерлер арасындағы жарыста Қазақстан құрамасының өкілі Арлан Жаңабай күміс медаль жеңіп алды.

Спортшы 01:47:07 нәтижесімен екінші орынға ие болды. Бірінші орынды бейтарап ту астында өнер көрсеткен ресейлік Роман Минеев (01:46:38) иеленді. Ал жапониялық Рен Сато (01:47:23) мәреге үшінші болып жетті.

Темірлан Теміров тоғызыншы, Дарын Қонысбаев 12-орын, Елмұрат Қанай 23-орын, Максим Шмулич 29-орын, Алинаби Маралбеков 35-орын алды.

Әйелдер арасында Қазақстан құрамасы сапындағы үздік нәтижені Диана Ержанова көрсетті. Ол 02:14:43 нәтижесімен сегізінші орынға ие болды.

Арина Шульгина 12-орын, Аида Ким 13-орын алды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары