Таэквондошылар Индонезиядағы халықаралық турнирде төрт медальға ие болды

/
Таэквондошылар Индонезиядағы халықаралық турнирде төрт медальға ие болды
olympic.kz

Қазақстан таэквондодан Индонезиядағы халықаралық турнирде төрт медальға ие болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстандық таэквондошылар Индонезияның Джакарта қаласында өткен халықаралық турнирде жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Отандастарымыз жарыста төрт қола медальға ие болды.

Баходир Шапулатов (54 келіге дейін), Жасурбек Исроилов (63 келіге дейін), Абдурахман Марипов (80 келіге дейін) және Нұрқанат Қожахмет (87 келіге дейін) үшінші орын алды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар