«Бәрі қайта басталады»: Жәнібек Әлімханұлы тосын жазба жариялады

/
«Бәрі қайта басталады»: Жәнібек Әлімханұлы тосын жазба жариялады
Әлеуметтік желіден

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы алдағы жекпе-жектеріне дайындықты АҚШ-та жалғастыруды жоспарлап отыр.Бұл туралы боксшының командасы әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Команданың хабарлауынша, қазіргі уақытта спортшының АҚШ визасы рәсімделіп жатыр. Құжаттар дайын болған жағдайда, Жәнібек жуырда Америкаға аттанып, оқу-жаттығу жиынын бастайды.

«Бәрі қайта басталады. Бастамамыз сәтті болған сияқты. Құрметті жанкүйерлер, қолдауларыңызға көп рақмет! Жерлестеріміздің қолдауы біз үшін үлкен күш. Қазір визаны күтіп отырмыз. Егер бәрі жоспардағыдай болса, жақын күндері Америкаға жол тартамыз», – делінген хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар