Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы капитаны Самат Смақов «Атырау» клубының бас бапкері қызметіне тағайындалуы мүмкін, деп хабарлайды turkystan.kz.
AmanVIBE телеграм арнасының мәліметінше, 47 жастағы маман жақын күндері Атырау қаласына барып, клубпен ресми келісімшарт жасайды. Егер жоспар өзгермесе, Смақов Қазақстан Премьер-лигасының келесі турында команданы «Ақтөбеге» қарсы маңызды кездесуде бастап шығады.
Айта кетейік, қазіргі маусымда «Атырау» Владимир Чебуриннің басшылығымен ҚПЛ-да 19 ойын өткізіп, 19 ұпай жинаған. Команда турнир кестесінде 13-орында орналасқан.
Самат Смақов бұған дейін Бірінші лигада өнер көрсететін түркістандық «Тұран» клубының жаттықтырушылар штабында жұмыс істеген-тін.