Теннисші Жібек Құламбаева Испаниядағы W100 турнирінде жеңімпаз атанды

Теннисші Жібек Құламбаева Испаниядағы W100 турнирінде жеңімпаз атанды
t.me/olympickz

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Испанияның Маспаломас қаласында өткен W100 санатындағы турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Отандасымыз жұптық сында Чехия өкілі Анна Шишковамен бірге өнер көрсетіп, чемпиондық атаққа қол жеткізді. Олар жарыстың екінші нөмірлі жұбы ретінде тіркелген болатын.

Финалда Жібек Құламбаева мен Анна Шишкова Чехия өкілі Доминика Салкова мен Швеция спортшысы Лиза Заарға қарсы ойнады. Шешуші кездесу екі сетке созылды.

Нәтижесінде Жібек Құламбаева мен Анна Шишкова 6:3, 7:6 (7:3) есебімен жеңіске жетті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары