779
Түркі жазбалары мен тарихына арналған 100 томдық кітап жарық көрді
Түркі жазбалары мен тарихына арналған 100 томдық кітап жарық көрді
Түркі жазбалары мен тарихы әлемдегі тамыры терең мәдениеттің бірі саналады. Оны зерттеу еліміз тәуелсіздік алғалы бері қарқынды жүріп жатыр. Алғашқы жетістік - 100 томдық кітап жарық көрді.
Ғылыми жинаққа түркі халқының Алтын орда заманынан бергі мәдениетінің тарихы тоғыстырылған. Бұл еліміздің латын әліпбиіне көшу барысындағы зерттеу жұмыстарына өз септігін тигізеді. Бұл туралы «Түркі жазбалары мен мәдениеті» күндеріне арналған халықаралық конференцияда айтылды. Ғылыми кеңеске АҚШ, Түркия және Орталық Азия елдерінің түркі әлемін зерттеуші ғалымдары қатысты.
Уәлихан Қалижан, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры:
-100 том кітап шықты. Ал енді бұл әдеби жәдігер ғана емес, ғылымның зерттеу объектісіне айналып кетіп отыр. Бұл мәселе тіл білімі, лингвистика саласынан зерттеліп жатыр. Философия ілімі оны данышпандық тұрғысынан қарап жатыр. Осының бәрі біздің заманның, саясаттың ырғағының қалыптасқанын көрсетеді.