207
Әзірбайжан билігі сот арқылы төрт тәуелсіз БАҚ-ты бұғаттамақ
Әзірбайжан билігі сот арқылы төрт тәуелсіз БАҚ-ты бұғаттамақ
Бакудің аудандық сотында Әзірбайжан үкіметінің тәуелсіз төрт БАҚ-тың, оның ішінде Азаттықтың Әзербайжан редакциясының сайтын бұғаттау туралы шағымы бойынша сот басталды. Сотқа талапкер ретінде транспорт, коммуникация және жоғары технологиялар миинстрлігі жанындағы электрондық қауіпсіздік орталығының басшысы Фаик Фарманов қатысып жатыр.
27 сәуірдегі алғашқы сот отырысы қысқа болды. Адвокаттар бұл іске қатысты барлық құжаттарды көрсетуді сұрап, келесі тыңдау 1 мамырға қалдырылды.
Сот ұсынған құжаттарға қарағанда, министрлік бас прокуратураның пәрменімен 27 наурыздан бастап сайттарды бұғаулаған. Прокуратура Азаттықтың Әзербайжан редакциясы мен өзге үш БАҚ-тың сайттары ұлттық қауіпсіздікке "қауіп төндіреді" дейді. Фарманов шағымды прокуратураның бұйрығын құқықтық тұрғыдан заңдастыру үшін түсірген.
Азат Еуропа/Азаттық Радиосының (АЕ/АР) президенті Томас Кент министрлік әрекетін "тәуелсіз БАҚ-ты үрейлендіруді көздейтін, негізгі құқықтар мен халықаралық конвенцияларды елемеушіліктен басқа басқа еш мәні жоқ цензураның сорақы түрі" деп атады.