Жас балуан Айша Әбдімәлік әлем чемпионатында күміс медальға ие болды

/
Жас балуан Айша Әбдімәлік әлем чемпионатында күміс медальға ие болды
Оlympic.kz

Қазақстан әйелдер құрамасы Әзірбайжанның Баку қаласында өтіп жатқан U17 әлем чемпионатында алғашқы жүлдесіне ие болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Айша Әбдімәлік ел қоржынына күміс медальді салды.

Отандасымыз 65 келіге дейінгі салмақтың финалында моңғолиялық Ариунзул Болдбаатардан жеңіліп қалды.

Сондай-ақ Аянат Мейнамбай 49 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін белдескен еді. Дегенмен АҚШ өкілі Исла Сильваға жол берді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар