Аустралияның Сидней қаласында маусым алдындағы турнеде жүрген лондондық «Челси» клубы аустралиялық «Вестерн Сидней Уондерерс» командасымен жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Кездесудің 6-минутында қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев «Челси» сапындағы алғашқы голын соқты.
Бұған дейін қазақстандық футболшы «Челсидің» базасында жабық режимде өткен «Кроули Таунға» қарсы кездесуде алғаш рет алаңға шыққан болатын.
Енді «Челси» 1 тамызда Англияның «Тоттенхэм» клубымен жолдастық кездесу өткізеді.