Дастан Сәтпаев «Челсидің» негізгі құрама сапында қашан шығуы мүмкін?

Дастан Сәтпаев «Челсидің» негізгі құрама сапында қашан шығуы мүмкін?
Челси ФК

Бұл күндері Аустралия астанасы Сиднейде маусым алдындағы турнеде жүрген лондондық «Челси» клубы осы аптада бірнеше ойын өткізбек, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ағылшындар 28 шілде күні аустралиялық «Вестерн Сидней Уондерерс» командасына қарсы кездесу өткізеді. Ойын қазақстан уақыты бойынша 14:45-те басталады.

Аталған ойында қазақстандық ойыншы Дастан Сәтпаев алаңға шығуы мүмкін. Бұған дейін ол «Челсидің» базасында жабық режимде өткен «Кроули Таун» командасына қарсы кездесуде алғаш рет бой көрсеткен болатын.

«Челси» клубы «Вестерн Сидней Уондерерспен» кездескеннен кейін 1 тамызда ағылшындық «Тоттэнхем» клубымен жолдастық кездесу өткізеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары