Қазақстанда күн қайтадан +44 градусқа дейін ысиды

/
Қазақстанда күн қайтадан +44 градусқа дейін ысиды
istockphoto.com

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі 2026 жылғы 23–25 шілде аралығына арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстан аумағы арқылы жылжып өтетін солтүстік-батыс циклоны найзағаймен бірге жаңбыр алып келеді.

«Елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, кей өңірлерде нөсер жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Суық ауа массаларымен толығатын циклон жаңбырмен бірге ауа температурасының төмендеуіне де себеп болады», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Қазақстанның батыс өңірлеріне Иран аумағынан жылы әрі құрғақ ауа массалары келе бастайды. Соның әсерінен жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы көтеріледі. Күндіз ауа температурасы 34–39 градусқа дейін ысиды, ал кейбір аудандарда аптап ыстық 40–44 градусқа дейін жетеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары