Биржада доллар бағасы түсті

/
Биржада доллар бағасы түсті
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 470,28 теңгені құрап, 0,25 теңгеге төмендеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан Ұлттық банкінің 20 шілдеге белгілеген ресми доллар бағамы – 469,83 теңге.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматы қаласындағы айырбастау пункттерінде доллардың орташа сатып алу бағамы 470,08 теңге, сату бағамы 471,91 теңге. Астанада айырбастау пункттері долларды орта есеппен 468 теңгеден сатып алып, 475 теңгеден сатуда. Ал Шымкентте доллардың орташа сатып алу бағамы 469,84 теңге, сату бағамы 471,9 теңгені құрайды.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 7 шілдеде 1,13 теңгеге, 8 шілдеде 2,76 теңгеге, 9 шілдеде 0,86 теңгеге, 10 шілдеде 2,56 теңгеге төмендеген болатын. Ал 13 шілдеде 8,94 теңгеге, 15 шілдеде 0,77 теңгеге және 16 шілдеде 1,81 теңгеге өсті. 14 шілдеде 7,45 теңгеге, 17 шілдеде 2,24 теңгеге қайта төмендеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары