Алакөлде жоғалып кеткен 22 жастағы жігіттің мәйіті табылды

/
Алакөлде жоғалып кеткен 22 жастағы жігіттің мәйіті табылды
видеодан скриншот

Жетісу облысында жоғалып кеткен 22 жастағы Мұхамедәли Есімовтың мәйіті табылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол 11 шілде күні Алакөл жағалауында демалыс кезінде із-түзсіз жоғалып кеткен.

Жас жігіттің мәйіті 17 шілде күні кешкі уақытта көлден табылған.

Еске салайық, 22 жастағы Мұхамедәлі ата-анасымен бірге Ақши ауылындағы «Нұрай» демалыс базасында демалып жүрген. 11 шілде күні күндіз жағажайға қарай шығып кеткеннен кейін онымен байланыс үзілген.

Оны іздеуге полиция қызметкерлері, төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары, сүңгуірлер, еріктілер және жергілікті тұрғындар жұмылдырылды. Іздестіру жұмыстары бірнеше күнге созылып, көл жағалауы мен су айдыны мұқият тексерілді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары