Түркияда қазақстандық келіншекті қорлап, тонаған күдікті ұсталды

/
Түркияда қазақстандық келіншекті қорлап, тонаған күдікті ұсталды
Фото: dha.com.tr

Түркияның Аланья қаласында 35 жастағы қазақстандық әйелдің жыныстық зорлық көріп, ұялы телефонының ұрланғаны туралы арызынан кейін Сирияның 24 жастағы азаматы ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әйел түнгі уақытта көшеде жас жігітпен танысқан. Кейін екеуі бірге Сахире Түзюн көшесіндегі қонақүйге барған.

Біраз уақыттан соң ер адам қонақүйден кетіп қалған. Осыдан кейін қазақстандық әйел 112 жедел қызметіне хабарласып, әлгі азаматтың өзіне жыныстық зорлық жасағанын және ұялы телефонын алып кеткенін мәлімдеген.

Күдікті жағалау жолында ұсталды. Полиция бөлімінде оған аудармашының қатысуымен жауап алынып, кейін сотқа жеткізілді. Сот күдіктіні қамауға алып, тергеу изоляторына жіберді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары