«Заң мен тәртіп»: Абай облысында полицейлер жолдардағы бақылауды күшейтті

/
«Заң мен тәртіп»: Абай облысында полицейлер жолдардағы бақылауды күшейтті
polisia.kz

Абай облысында полицейлер жол-көлік оқиғалары жиі тіркелетін учаскелерде бақылауды күшейтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Абай облысы полиция департаментінің қызметкерлері өңірдегі жол-көлік оқиғалары жиі болатын автожол учаскелерінде тәулік бойы қызмет атқаруда.

Негізгі мақсат – жол-көлік оқиғаларының алдын алу, апаттылық деңгейін төмендету және барлық жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Патрульдеу бағыттары жол-көлік оқиғаларының талдауы негізінде айқындалған. Дәл осы учаскелерде ауыр зардаптарға әкелетін жол апаттары жиі тіркеледі.

Полицейлер жол қозғалысын реттеп, белгіленген жылдамдық режимінің сақталуын бақылап, өрескел құқық бұзушылықтарды анықтап, жүргізушілермен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Іс-шара барысында 1527 жол жүрісі қағидаларын бұзу дерегі анықталды. Оның ішінде: 23 жүргізуші көлікті алкогольдік масаң күйде басқарған; 13 жүргізуші қарсы қозғалыс жолағына шыққан; 69 адам көлік құралын басқару құқығынсыз тізгіндеген.

Аталған құқық бұзушылықтар ауыр жол-көлік оқиғаларының негізгі себептерінің бірі болып табылады.

Мұндай әрекеттер жүргізушінің өз өміріне ғана емес, өзге жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына да қауіп төндіреді. Полиция жүргізушілерді мас күйінде көлік басқармауға, қарсы қозғалыс жолағына шықпауға және Жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға шақырады.

Еске сала кетейік, «Заң мен тәртіп» қағидаты — Қазақстанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты ретінде жүзеге асырылып жатқан, заңның үстемдігін және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған қағидат.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары