«Қатысым жоқ» деп сілтегендер болды: Нұрай Серікбайдың ағасы жазба жариялады

/
«Қатысым жоқ» деп сілтегендер болды: Нұрай Серікбайдың ағасы жазба жариялады
Скриншот

Шымкентте кісі қолынан қаза тапқан Нұрайдың ағасы Сұлтан Серікбай істі қарау барысында көп мекемеге жүгінгендерін айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оның сөзінше, көмек көрсеткендермен қатар, жауапкершіліктен жалтарып, сырт айналғандар да болған.

«Нұрайдың ісі бойынша біраз кабинеттерге кірген болатынбыз. Бізге көмек бергендер көп болды, өкінішке орай арасында «менің қатысым жоқ» деп сілтегендер де кездесті.

Айтарым, біз аспандағы айды сұрап жатқан жоқпыз, егер әр адам өзінің ісін тиісті деңгейде орындаса соның өзі мол көмек.

Біз тек әділдікті талап етеміз.

Қоғамға қауіпі бар адамдар темір тордан шықпауы керек. Бұл заңдылық», – деді ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары