390
Ұшақ апатынан зардап шеккендерге 1,5 млн доллар берілді
Ұшақ апатынан зардап шеккендерге 1,5 млн доллар берілді
Қырғызстанда төтенше жағдайлар министрлігінің арнайы есеп шотына ұшақ апатынан зардап шеккендерге көмек ретінде түскен қаржы қайтыс болған азаматтардың туыстары мен жараланғандардың жеке есеп шоттарына аударылған.
Үкімет баспасөз қызметінің хабарлауынша, халықтан 100 млн 499 мың 300 сом (1,5 млн доллар) жиналған.
Зардап шегушілердің өтініштері бойынша, үй алуға және басқа да шығындарға жұмсалатын ақша олардың банктік есеп шоттарына аударылған. Сонымен бірге үй алу кезінде алаяқтық орын алмас үшін, арнайы комиссия құрылады.
Жеке үй алуға ақша бөлінгеннен кейін, зардап шегушілерге уақытша пәтерде тұрғандары үшін қаржы бөлінбейді.
Таяу уақытта «ACT Airlines» түріктің әуе компаниясы да өтемақы төлемек.
«Боинг-747-400» жүк көлігі 2017 жылдың 16 қаңтарында таңғы сағат 7.20 шамасында Манас әуежайы түбіндегі Дача СУ ауылына құлады. Нәтижесінде 39 адам қаза тапты. Оның төртеуі экипаж мүшелері.