«Гүленмен байланысы бар» деп ұсталғандар саны мыңнан асты

«Гүленмен байланысы бар» деп ұсталғандар саны мыңнан асты

«Гүленмен байланысы бар» деп ұсталғандар саны мыңнан асты
ашық дереккөзі
465
Түркияда 26 сәуірде АҚШ-та тұратын діни қайраткер Фетхулла Гүленмен байланысы бар деген күдікпен ұсталған полиция қызметкерінің саны 1 мыңнан асты. Түркия билігі Гүленді өткен жылы шілдеде іске аспай қалған мемлекеттік төңкеріс әрекетін ұйымдастырды деп айыптайды. Мемлекеттік Anadolu агенттігінің хабарлауынша, полиция 26 сәуірде бір мезетте Түркияның 81 провинциясында шұғыл операция жүргізіп, полиция күштерінің 1120 қызметкерін ұстады. Операцияға 8500-ден астам полиция қызметкері жұмылдырылды. Бұдан соң 9100-ден астам полиция қызметкері өздерінің Гүленнің қозғалысымен байланысы бар-жоғын тергеу аясында қызметтерінен уақытша шеттетілді. Түркия ішкі істер министрі Сулейман Сойлу ел көлемінде жүргізілген операцияны үкіметтің Гүленнің қозғалысын "күйрету" жолындағы маңызды қадам деп атады. Ұсталғандар Гүленнің "құпия имамдар деп аталатын агенттері" болған деген сезікке іліккен. Сойлу күдіктілер "полиция қатарына еніп, оны баламалы полиция құрылымын құру арқылы сырттан басқаруға тырысқан" дейді. Фетхулла Гүлен әскерилер басқарған бүлікке өзінің қатысы барын жоққа шығарады.  

Серіктес жаңалықтары