Қытайдың жетекші компанияларының басшыларымен кездесуде Мемлекет басшысы Қазақстан қытайлық инвесторлар үшін әрдайым қолайлы бизнес орта жасауға дайын екенін жеткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.
– Қазақстан қытайлық инвесторлар үшін әрдайым қолайлы бизнес орта жасауға дайын. Біз инвестицияларды қорғауға заң жүзінде кепілдік береміз. Заманауи инфрақұрылым мен білікті кадрлар ұсынып, жан-жақты мемлекеттік қолдау көрсетеміз. Мақсатымыз – тек капитал тарту емес. Біз жаңа технологияларды бірлесіп әзірлеуге, ғылыми зерттеу орталықтарын құруға, жаңа өндірістік тізбек қалыптастыруға және болашақтың бағдары – білім экономикасын алға бастайтын адам капиталын дамытуға ұмтыламыз. Бүгінгі басқосуымыз жаңа бірлескен жобаларға, ауқымды инвестицияларға жол ашады деп сенемін! – деді Қазақстан Президенті.
Жиында ҚХР өнеркәсіп және ақпараттандыру министрі Ли Лэчэн, СITIC Group компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Си Гохуа, 01AI компаниясының бас директоры Ли Кай-Фу, Huawei Technologies компаниясы байқаушылар кеңесінің мүшесі, қоғаммен байланыс және корпоративтік коммуникациялар департаментінің президенті Ван Цзяньфэн, Agibot компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы, бас операциялық директоры Цзян Циньсун, Goldcard Smart Group компаниясының басқарма төрағасы және президенті Ян Бин, Ningbo Hoshine Group компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Ло Лиго, YTO Express компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Юй Хуэйцзяо, Xinjiang Lihua (Group) компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Чжан Цихай сөз сөйледі.