Сот Сұлтан Сәрсемәлиевтің 5 баласының тағдырына қатысты шешім шығарды

/
Сот Сұлтан Сәрсемәлиевтің 5 баласының тағдырына қатысты шешім шығарды
видеодан скриншот

Сот Сұлтан Сәрсемәлиевтің кәмелетке толмаған бес баласының алдағы тағдырына қатысты жеке шешім шығарды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы үкімді жариялау кезінде төрағалық етуші судья Зарема Хамидуллина мәлімдеді.

«Сот балалардың одан арғы қамқорлығы мен орналастырылуына қатысты мәселелерді Атырау облысының Білім басқармасына жүктеу туралы қаулы шығарды. Сонымен қатар Қызылқоға ауданының әкімдігіне Жангелдин ауылында қаза тапқан ата-анасынан қалған үйге мұрагерлік құқықты рәсімдеу тапсырылды. Бұл балалардың мүліктік құқықтарын қорғау мақсатында жасалып отыр», – деді судья.

Сұлтан Сәрсемәлиевтің бес баласы бар. Олардың кенжесі 2023 жылы дүниеге келген. Алғашында балаларға сотталған азаматтың анасы қараған. Алайда 2026 жылғы 3 ақпанда аудандық кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссия балаларды мемлекет қамқорлығына беру туралы шешім қабылдаған.

Қазіргі таңда жасы үш пен тоғыздың арасындағы төрт бала Атырау облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында тәрбиеленіп жатыр. Ал ең кенже сәби мамандандырылған сәбилер үйінде тәрбиеленуде.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар