Қырғызстанның оңтүстігінде жер сілкінді

/
Қырғызстанның оңтүстігінде жер сілкінді
istockphoto.com

15 шілдеге қараған түні Қырғызстанның оңтүстік өңірінің тұрғындары жер асты дүмпулерін сезінді. Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Сейсмология институтының мәліметінше, жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша сағат 00:37-де тіркелген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сейсмикалық тербелістің қарқындылығы 3,5 балды құрады. Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында орналасқан. Эпицентрі Хауз ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 2 шақырым, Муркут ауылынан солтүстікке қарай 6 шақырым, Қызыл-Қия қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 15 шақырым және Ош қаласынан оңтүстік-батысқа қарай шамамен 54 шақырым жерде болған.

Зардап шеккендер, қираулар немесе инфрақұрылым нысандарының бүлінуі туралы ақпарат түскен жоқ.

Мамандар сейсмикалық жағдайды бақылауды жалғастырып жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары