«Маңғыстау» кемесі суға түсірілді

«Маңғыстау» кемесі суға түсірілді

«Маңғыстау» кемесі суға түсірілді
ашық дереккөзі
298
 Бүгін «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ құрамындағы АО «Орал «Зенит» зауыты» АҚ кезекті өнімін – №4 зымыранды-артиллериялық кемесін суға түсірді. Отанымыздың теңіз шекарасын күзететін бұл кеме «Маңғыстау» деген атауды иеленген. Салтанатты шараға Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов, Орал қаласының әкімі Нариман Төреғалиев, Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш министрі Бейбіт Атамқұлов, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-майор Талғат Жанжүменов, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери теңіз қызметінің Бас қолбасшысы Жандарбек Жанұзақов, «Қазақстан Инжиниринг» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның Басқарма төрағасы Е.С.Идрисов, ҚР Қарулы күштерінің ардагерлері, «Зенит» зауытының ұжымы, «Маңғыстау» кемесі экипажының жеке құрамы қатысты. «Маңғыстау» – «Зенит» зауытының конвейерінен шыққан 26 кеме. Ол Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери теңіз қызметі үшін мемлекеттік тапсырыс бойынша жасалынған. Бұдан бұрынғы кемелерден ерекшелігі – бұл корабльдің қару-жарағы жетілдірілген: су астынан келетін қауіпті диверсиялық әрекетті, жүзбелі қарсыласты анықтайтын және қарсылық көрсететін қондырғы орнатылған, кеме құрылысы кезінде бұған дейін жасалған корабльдерде қызмет етуші әскери теңізшілердің ақыл-кеңестері ескерілген. Осылайша, әскери кеменің маневр мүмкіндіктері артып, әскери қуаты күшейіп, экипаж мүшелері үшін жайлы бола түскен. Айта кету керек, Қазақстан Республикасының Каспий теңізіндегі шекарасын қорғау мақсатында шығарыла бастаған зымыранды-артиллериялық кемелердің алғашқысы 2012 жылы 25 сәуірде суға түсірілген болатын. 0250 жобасымен басталған бұл корабль – «Қазақстан» атауын иемденді. Одан кейін 2013-2014 жылдары зауыт конвейерінен шыққан «Орал» және «Сарыарқа» ұрыс кемелері теңіз қызметіне аттанды.

Серіктес жаңалықтары