Даңқты спортшы, таеквондодан 6 дүркін әлем чемпионы Мұстафа Өзтүріктіңқызы Неслихан Өзтүрік Абай облысы Мақаншы ауданына қарасты Қабанбай ауылының тұрғындарына алғыс айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Германияның Мюнхен қаласынан арнайы Қабанбай ауылына барған ол ауылдың жаңа келбетін айшықтайтын Жаңа арканың салтанатты ашылу рәсіміне қатысып, лентасын қиды.
«Қымбатты отандастарым! Қабанбай ауылында жаңа арканың ашылу рәсімінде қызыл лентаны қию құрметі бұйырғаны мен үшін үлкен мәртебе әрі өмір бойы ұмытылмас сәт болды.
Бұл ерекше күнді ұйымдастырып, мені туған жерімде осындай зор құрметпен қарсы алған Қабанбай ауылының барша тұрғындарына, ақсақалдарына және ұйымдастырушыларына шын жүректен алғысымды білдіремін.
Сіздердің ыстық ықылсаңыз бен ақ ниеттеріңіз жүрегімде мәңгі сақталады.
Қолдауларыңыз үшін әрқайсыларыңызға үлкен рақмет!», – делінген жазбада.