Тұрғын үй бағасы арзандай ма?

Тұрғын үй бағасы арзандай ма?

Тұрғын үй бағасы арзандай ма?
ашық дереккөзі
275
2015 жылдағы девальвациядан кейін әлсіреп кеткен Қазақстандағы жылжымайтын мүлік нарығы қайта қалыпқа түсе бастады. Сарапшылардың пікірінше, биылғы жылдың алғашқы үш айында Қазақстанда шамамен 50,7 мың келісімшарт жасалған. Экономикалық өсімнің әлсіреуі мен инфляцияға қарамастан, 2016 жылы нарықтағы жоғары көтерілген тренд биыл да жалғасын таппақ. «Елдің шетел валютасында сақтаған қаражатының арқасында қазір жылжымайтын мүлік саудасы қайта қарқын ала бастады”, – дейді сарапшы Анна Шацкая. Оның айтуынша, теңгенің тұрақтануы мен шикізат бағасының қайта көтерілуі елдің төлем қабілетіне оң әсер етуде. Ал сарапшы Мария Реннің пікірінше, өткен жылдың алғашқы үш айындағы жасалған сауда келісімшарты өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 30,9 пайызға ұлғайған. Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылғы өсім 2015-пен салыстырғанда 10,1 пайыз ғана ұлғайған еді. Сонымен қатар жаңа пәтерлердің көптеп салынуы елдің сұранысын арттырып жатыр. Ал қайталама нарықтағы баға осының әсерінен қымбаттамай, бір орынға тұрақтап тұр. Дегенмен, кей сарапшылар биыл қайталама нарықтағы үйлердің бағасының түсетінін айтады. Айта кетейік, жыл басынан бері үш айда қайталама нарықтағы баға республика бойынша 4 пайызға арзандаған. Алдын ала болжам бойынша, жыл соңына дейін осы қарқын сақталапы, ай сайын шамамен баға 0,9 пайызға арзандап отырады. Нәтижесінде, 2017 жылдың соңына дейін баға 10-12 пайыз арзандайды деген жорамал бар.

Серіктес жаңалықтары