Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

/
Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
видеодан скриншот

Атырау облысының прокуратурасы «Ақбаян Мұқанғалиева қанды қылмысты жасырды» деген күдікті дәлелдей алмады. Сол себепті оған қатысты қылмыстық іс тоқтатылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Облыс прокурорының көмекшісі Айсұлу Сүлейменнің айтуынша, тергеу барысында Ақбаян Мұқанғалиеваның бұрынғы күйеуі Сұлтан Сәрсемәлиев жасаған қылмысты жасырды деген күдікті растайтын жеткілікті дәлелдер анықталмаған.

Еске салсақ, өткен жылы Индонезияның Ломбок аралындағы Сенару ауылында Сұлтан Сәрсемәлиев пен оның бұрынғы жұбайы Ақбаян Мұқанғалиева ұсталғаннан кейін «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын.

Кейін тергеу барысында Ақбаян Мұқанғалиеваға тағылған адам өлтірді деген айып қылмыс құрамының болмауына байланысты алынып тасталды.

Сонымен қатар, құқық қорғау органдары оның бұрынғы жұбайы жасаған аса ауыр қылмысты жасырды деген күдікке қатысты материалдарды жеке өндіріске бөліп, тергеуді жалғастырған. Алайда қазіргі уақытта бұл іс жүргізу де тоқтатылған.

Прокуратураның мәліметінше, Алматы қаласында жүргізілген стационарлық кешенді сот-психологиялық және сот-психиатриялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, Ақбаян Мұқанғалиеваға динамикалық бақылаудан өту және қосымша дифференциалды диагностика жасау ұсынылған. Қазіргі уақытта ол тиісті ем қабылдап жатыр.

Ал Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты сот процесі аяқталуға жақын.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар