Ресейде қазақстандықтар мінген көлік аударылып кетті

/
Ресейде қазақстандықтар мінген көлік аударылып кетті
youtube/@newsKTK

Ресейдің Алтай Республикасында қазақстандықтар жол апатына ұшырады. Көлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай, автомобиль жолдан шығып кетіп, аударылған. Зардап шеккендердің арасында кәмелетке толмаған жасөспірім де бар, деп хабарлайды КТК телеарнасының сайты.

Телеарна мәліметінше, жол апаты Алтай Республикасындағы Белый Бом ауылының маңында болған. Оқиға салдарынан көлік жүргізушісі мен үш жолаушы жарақат алған. Олардың бірі – 15 жастағы жасөспірім.

Алдын ала дерек бойынша, 47 жастағы жүргізуші жолдың күрделі бөлігінде көлік тізгініне ие бола алмай қалған. Салдарынан ішінде қазақстандықтар отырған автомобиль жол жиегіне шығып кетіп, аударылған.

Қазір барлық зардап шеккен адам ауруханада жатыр. Олардың жағдайына қатысты нақты мәлімет әзірге жарияланған жоқ.

Жол апатына байланысты полиция тексеру жүргізіп жатыр. Оқиғаның басқа мән-жайы кейінірек белгілі болады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар