Семейде полицейлер 4 жастағы жоғалып кеткен баланы 20 минутта тауып алды

/
Семейде полицейлер 4 жастағы жоғалып кеткен баланы 20 минутта тауып алды
Polisia.kz

7 шілде күні сағат 14:20-да Семей қаласының полициясына 4 жасар Омардың жоғалғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Анасының айтуынша, бала Халықтық (Народная) көшесіндегі үйдің маңынан белгісіз бағытқа кетіп қалған. Бала сөйлей алмайды.

Хабарлама түскен бойда баланы іздеуге полицияның барлық сыртқы қызметтері дереу жұмылдырылды.

Арада небәрі 20 минут өткенде оқиға орнына алғашқылардың бірі болып жеткен патрульдік полиция батальонының экипажы баланы жоғалған жерге жақын орналасқан балалар ойын алаңынан тапты.

Бала аман-есен анасына тапсырылды. Оның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп жоқ.

Абай облысы Полиция департаменті ата-аналарға кішкентай балаларды қараусыз қалдырмауға кеңес береді. Егер бала жоғалып кетсе, уақыт оздырмай 102 нөміріне хабарласыңыз. Уақтылы берілген ақпарат іздестіру жұмыстарын жедел ұйымдастыруға және баланы тезірек үйіне қайтаруға мүмкіндік береді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары