Қазақстандық дзюдошы Бейбарыс Сұлтан Прагада (Чехия) өткен жастар арасындағы Еуропа кубогінде күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Отандасымыз 100 келіден жоғары салмақта ел намысын қорғады.
Бейбарыс ақтық сында әзірбайжандық Рамазан Ахмадовпен белдесіп, қарсыласына жол берді. Осылайша жарысты екінші орынмен аяқтады.
Айта кетейік, жастар арасындағы Еуропа кубогына 33 елден 455 дзюдошы қатысты.