Елнар Берікбаев: Қоғамдық келісімнің алғышарты

/
Елнар Берікбаев: Қоғамдық келісімнің алғышарты

Елнар Берікбаев,
Президент жанындағы ҚСЗИ
Стратегиялық талдау бөлімінің басшысы:

Қоғамдық келісімнің алғышарты

– 1 шілдеде жаңа Конституция күшіне енді. Бұл күн мемлекетіміздің дамуының жаңа кезеңі­нің басталғанын білдіреді. Конституция құқық нормаларының жай ғана жиынтығы емес, елдің бүгіні мен болашағы құрылатын құндылықтарды бейнелейтін қоғамдық шарт.
Жаңа Конституцияның ерекше құндылығы оны дайындау процесінің өзінде жатыр. Жоба кәсіби заңгерлерді, сарапшы қауымдастығының және азаматтық қоғам институттарының өкілдерін тарта отырып, Консти­ту­ция­­лық комиссия тарапынан әзірленді. Жұмыс барысында азаматтардан ұсы­ныстар келіп түсіп, түрлі тәсілдер мен құқықтық шешімдер талқы­лан­ды. Сондықтан жаңа Конституцияны шын мәнінде Халық Консти­туция­сы деуге де болады. Жаңа Конституция кабинет-кулуарда емес, кең қоғам­дық диалог пен кәсіби заңгерлік жұмыстың арқасында әзірленді.
Жаңа Ата Заңымызда зайырлы мемлекет қағидатына баса мән берілді. Қа­зақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері ко­митетінің дерегі бойынша, елімізде 18 конфессияны білдіретін 3 999 тір­келген діни бірлестік бар. Қазақстан үшін зайырлылықтың конс­титуциялық формуласы азаматтардың діни наным-сенімдері мен дү­ниетанымына қарамастан теңдігін қамтамасыз ететін кепілдік болып та­былады. Зайырлы мемлекет дінді құрметтейді, бірақ өзін ешбір конфес­сиямен теңестірмейді. Ол әрбір адамға ар-ождан бостандығын қамтама­сыз ете отырып, қоғамды қандай да бір идеологияны немесе діни үстем­дікті таңудың кез келген әрекеттерінен қорғайды.
Қазақстан тарихы түрлі мәдениет, дәстүр мен наным-сенімге құрметпен қарау этносаралық және конфессияаралық келісімнің бірегей моделін қалыптастыруға мүмкіндік бергенін айқын көрсетеді. Жаңа Конституция бұл дәстүрді сақтап қана қоймай, мемлекеттің зайырлы сипатын ұлт дамуының бас негіздерінің бірі ретінде бекіте отырып, оны сапа тұрғысынан жаңа деңгейге көтереді.
Конституцияның елді білімге, ағартуға, мәдениетке, ғылымға және ин­новацияға бағдарлауы да аса маңызды. Қазіргі мемлекет күшті адами капиталсыз табысты бола алмайды. Сондықтан конституциялық модель­дің орталығында – адам, оның қадір-қасиеті, құқығы, өзін-өзі дамытуы мен жемісті еңбек ету мүмкіндігі тұр.
Жаңа Конституция мемлекет институттарын жаңғыртуға, басқару тиім­ділігін арттыруға және тұрақты экономикалық өсімге жол ашатын құқық негізін қалыптастырады. 
Кез келген Конституция бүгінгі күннің сұрақтарына ғана жауап беріп қой­май, алдағы онжылдықтарға бағыт-бағдар беруі тиіс. Жаңа негізгі Заң құқық үстемдігі, білім, мәдениет, зияткерлік меншік және болашақ ұр­пақ алдындағы жауапкершілік дамудың басты қағидаттарына айна­ла­тын құндылықтар жүйесін қалыптастырады.
Дәл осы берік негізде еліміз қоғамдық бірлікті сақтап, заманауи, ашық әрі бәсекеге қабілетті ел ретінде алға нық қадам баса алатынына сенім­ді­мін.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары