Алан Құрманғалиев Азия чемпионатының ширек финалына шықты

/
Алан Құрманғалиев Азия чемпионатының ширек финалына шықты
olympic.kz

Таиландтың Бангкок қаласында үстел теннисінен жастар арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан құрамасының атынан U19 жас санатында сынға түскен Алан Құрманғалиев ширек финалға жолдама алды.

Отандасымыз 1/8 финалда Чэн Минсюйден (Қытайлық Тайбэй) 4:3 есебімен басым түсті.

Айта кетейік, Алан Құрманғалиевтің ширек финалдағы қарсыласы қытайлық Ли Хэчэнь болмақ.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары