Қазақстандық балуандар Азия чемпионатында тағы үш медаль жеңіп алды

/
Қазақстандық балуандар Азия чемпионатында тағы үш медаль жеңіп алды
Olympic.kz

Қазақстандық грек-рим күресі шеберлері Таиландтың Паттайя қаласында өтіп жатқан U20 жас санатындағы Азия чемпионатында тағы үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

82 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Еркебұлан Анапия финалға дейін жетіп, шешуші белдесуде Иран балуаны Алиреза Мохаммад Хоссейниге есе жіберді. Осылайша қазақстандық спортшы жарысты күміс жүлдемен аяқтады.

60 келіге дейінгі салмақта Алпамыс Болатұлы қола медаль үшін өткен белдесуде жапониялық Юсукэ Хиротаны жеңіп, Қазақстан қоржынына тағы бір жүлде салды.

Ал 97 келіге дейінгі салмақта Максим Украинцев қола медаль үшін Қытай өкілі Синью Люмен күресті. Тартысты өткен айқаста қазақстандық балуан жеңіске жетіп, Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Осылайша Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен U20 Азия чемпионатында тағы бір күміс және екі қола медаль иеленді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар