«20 жылдан кейін екі жаққа кеттік»: Жанар Айжанова екінші жұбайымен не себепті ажырасқанын айтты

/
«20 жылдан кейін екі жаққа кеттік»: Жанар Айжанова екінші жұбайымен не себепті ажырасқанын айтты
Ғаламтор

Танымал әнші Жанар Айжанова «Момский әңгіме» подкастына сұхбат беріп, отбасы мен жеке өмірі жайлы айтты. Әнші тұңғышы Айжұлдыздан кейін сәби сүйгісі келгенін, бірақ балалы бола алмағанын жеткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Ретке келсе ізін суытпай тұрмысқа шығып кеткен жақсы. Айжұлдыздың соңынан бір бала ерсе деп ойлағам. Бала ермеді. Жас кезіңде құрған тұрмыс бөлек. Сен онымен үйлесесің бе, үйлеспейсің бе, әйтеуір баладан кейін көбі үйлесіп кетіп жатады ғой. Менде қорқыныш болған жоқ. Мен тек ананы істеп тастайын, тағы бір гастрольге барып келейін, үйімді үлкейтіп алайын, Айжұлдызды кішкене орнына қойып алайын деген қу тірлікпен жүріп қалдым. Бірақ артынан шықтым ғой тұрмысқа. Бәрібір бермейтін Құдай бермейді екен. Айжұлдыздан кейін қыз болса да, ұл болса да туып алсам деп сонша дәмеленгенмін. Жалғыз болмаса екен деп. Бірақ бұйырмады. Болмайтын нәрсеге аспанға балта лақтырмаймыз ғой», - дейді ол.

Әнші сондай-ақ екінші жолдасымен 20 жыл бірге тұрып ажырасқанын да мәлімдеді.

«Екінші тұрмыста табаны күректей 20 жыл тұрдым. Бірақ Айжұлдыз тұрмысқа шыққаннан кейін біз екі жаққа кеттік. Өзім де алдында солай ойлап жүргенмін. Арамызда бала болмады. Ол да біреудің баласы. Бізде бала болмаса әйелден көреміз ғой. Обалына қалмайын деп бір күнде шешіп, екі жаққа кеттік. Ол бұрын үйленбеген. 20 жыл бірге тұрды. Бала болған жоқ. Менен анау да көреді, мынау да менен көреді. Барлығы менен көреді ғой. Көрсе көре берсін. Ол кісі балалы болса екен деп тілеймін. Ұл болса да, қыз болса да бір балалы болса екен деп тілеймін. Тым жақсы азамат. Кеткеніне де бес жыл болды ғой. Бағы жанып, бір перзентті болса екен деп жүрмін», - дейді ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары