АХАТ бөлімдерінде әдемі датаға бола ұзын-сонар кезек пайда болды

/
АХАТ бөлімдерінде әдемі датаға бола ұзын-сонар кезек пайда болды
видеодан скриншот

26.06.2026 датасы Қазақстанда үйлену тойының нағыз бумын тудырды. Елдің көптеген қалаларында АХАТ бөлімдерінде таңертеңнен бастап неке қиюға келген жас жұбайлардың қарасы көбейген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде АХАТ бөлімдеріндегі ұзын-сонар кезек түсірілген видеоларды бөлісіп жатыр. Кадрлардан дәл осы ерекше датаны таңдап, некесін тіркетуге келген ондаған жұпты көруге болады.

Мәселен, Астанада жас жұбайлардың кезегі ғимарат сыртына дейін созылған. Болашақ ерлі-зайыптылар өз кезегін АХАТ табалдырығында күтуге мәжбүр болған.

Қарағандыда да неке қиюға ниет білдіргендер аз емес. Әлеуметтік желіде тараған видеоларда АХАТ ғимаратының алдында тіркеуді күткен жас жұбайлардың ұзын кезегі байқалады.

АХАТ бөлімдеріндегі бүгінгі белсенділікке қарағанда, 26 маусым күні елімізде ондаған, тіпті жүздеген жаңа отбасы құрылуы мүмкін.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар