Маңғыстауда борышкерлерден 7,5 млн теңге алимент өндірілді

/
Маңғыстауда борышкерлерден 7,5 млн теңге алимент өндірілді
istockphoto.com

Маңғыстау облысының прокуратура органдары кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және алименттік төлемдерді өндіріп алу бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Биыл Маңғыстау ауданы прокуратурасының актісі негізінде алимент төлеуден әдейі жалтарған 9 тұлғаға қатысты қылмыстық істер тіркелді, 14 борышкер әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Мәселен, азамат К. екі жыл бойы алименттік міндеттемелерін әдейі орындамай, жұмысқа орналасу шараларын қабылдамаған және берешегін өтемеген. Нәтижесінде 4,7 млн теңге көлемінде қарыз қалыптасқан. Соттың 2026 жылғы 22 сәуірдегі үкімімен ол кінәлі деп танылып, 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына сотталды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 39 кәмелетке толмаған баланың құқықтары қорғалып, олардың пайдасына 7,5 млн теңге өндірілді.

Прокуратура алиментті әдейі төлеуден жалтару қатаң әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа әкелетінін ескертеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары