Еуроодақ Бішкекті таза сайлау өткізуге шақырды

Еуроодақ Бішкекті таза сайлау өткізуге шақырды

Еуроодақ Бішкекті таза сайлау өткізуге шақырды
ашық дереккөзі
456
Еуропалық одақтың Орталық Азиядағы арнайы өкілі ЕО Қырғызстан билігіне реформа жүргізуге көмектеседі деп мәлімдеді. Бұл жөнінде елші Петер Буриан 24-25 сәуірде Қырғызстанға барған сапары кезінде айтты. Ол өзінің сапары барысында Еуропалық одақтың Қырғызстанда таза әрі әділ сайлаудың өтуіне, мықты азаматтық қоғам орнап, сөз бостандығы болуына мүдделі екенін жеткізуге тырыстым дейді. ЕО-ның арнайы өкілі Орталық сайлау комиссиясы төрағасы мен Қырғызстанның сыртқы істер министрі және азаматтық қауымдастық өкілдерімен кездескен. Қырғызстанда президент сайлауы 2017 жылдың күзінде жоспарланған. Конституцияға сәйкес, қараша айының үшінші жексенбісінде өтуге тиіс. Бірақ парламентте сайлауды қазан айында өткізуді көздейтін заң жобасы талқыланып жатыр.

 

Серіктес жаңалықтары