Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси әлем чемпионаттарында соққан гол саны бойынша жеке-дара рекордшы атанды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Аргентина құрамасы J тобының екінші турында Аустрияға қарсы матч барысында үлкен жетістікке жетті.
Ойынның 39-минутында Месси шабуылға қосылып, шабуылшы Тьяго Альмаданың пасын бірден қақпаға бағыттады. Аргентина құрамасының капитаны айып алаңының сызығы маңынан әдемі айналма соққымен көзге түсті.
Бұл – Мессидің 2026 жылғы әлем чемпионатындағы төртінші голы. Жалпы алғанда, 38 жастағы шабуылшы алты әлем чемпионатында 17 гол соқты. Бұл – абсолютті рекорд. Осылайша Месси 16 голы бар Германия футболшысы Мирослав Клозені басып озды.