"Менің де айтарым көп": Төреғали Төреәлінің жұбайы көптің көкейіндегі сауалға жауап берді

/
"Менің де айтарым көп": Төреғали Төреәлінің жұбайы көптің көкейіндегі сауалға жауап берді
ашық дереккөзден

Қазақстандық танымал әнші Төреғали Төреәлінің жұбайы Толқын Тұрарбекқызы әлеуметтік желідегі жазбасымен көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Malim.kz жазуынша, ол Instagram парақшасында оқырмандарына үн қатып, нақты мән-жайын ашып айтпағанымен, көптің көкейінде сұрақ қалдырды.

"Сәлем бердім! Қалайсыздар?! Бәрін көріп-біліп отырған шығарсыздар! Менің де айтарым көп! Екінші тарапты күтіп отырмын. Жақсылықтың жаршысы болайық", – деп жазды Толқын Тұрарбекқызы.

Желі қолданушылары оның бұл сөзін түрліше жорып жатыр. Кейбір оқырмандар жазбаны соңғы уақытта Төреғали Төреәлінің отбасына қатысты тараған әңгімелермен байланыстыруда.

Алайда Толқын Тұрарбекқызы әзірге бұл жазбасының нақты неге қатысты екенін ашық айтқан жоқ.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары