Танымал актер, марқұм Мұрат Бисембиннің қызы әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Sn.kz мәліметінше, жақында ғана тұрмыс құрған ол жүкті екенін айтып, оқырмандарын қуантты.
"Сәбиімізді күтіп жүрміз", – деп жазды ол.
Желі қолданушылары бұл жаңалықты жылы қабылдап, жас отбасыға ақ тілектерін арнады. Көпшілік оған аман-есен босанып, сәбиін бауырына басуды тіледі.
"Әттең, әкең көргенде ғой осы қуанышты", "Әкесі қуанып жатқан шығар", "Аман-есен қолыңа ал", "Құтты болсын", "Қандай күшті жаңалық" деп жазды оқырмандар.