«Бұл сәттер жүрегімде мәңгі сақталады!»: «Қайратпен» қоштасқан Дастан Сәтпаев әсерлі жазба жариялады

«Бұл сәттер жүрегімде мәңгі сақталады!»: «Қайратпен» қоштасқан Дастан Сәтпаев әсерлі жазба жариялады
turkystan.kz коллажы

Кеше «Қайрат» сапындағы соңғы ойынын өткізген Дастан Сәтпаев әлеуметтік желідегі жеке парақшасында клубқа, жанкүйерлерге деген ыстық лебізін жазба арқылы жеткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Рақмет, «Қайрат»!

Өмірімнің ең маңызды жылдары осы клубпен байланысты. Осында өсіп, білім алып, күнде өзімді дамытуға тырыстым. Бұл клуб маған үлкен футболдағы алғашқы қадамымды жасап, арманымның соңынан жүруге мүмкіндік берді.

Қолдауын әрдайым сезінген жанкүйерлерге рақмет. Академиядағы барлық бапкерге, негізгі команданың бапкерлер штабына, клуб басшылығына, Қайрат Советайұлына, алаңдағы барлық серіктесіме алғыс айтамын!

Сары-қара жейдені кию мен үшін үлкен мәртебе болды. Бұл сәттер жүрегімде мәңгі сақталады!», – делінген жазбада.

Еске сала кетейік, 17 жастағы қазақстандық футболшы алдағы уақытта өзі келісімшарт жасасқан Англияның «Челси» клубына қосылады. Дастан Лондонға 26 маусым күні аттанбақ. Бастапқыда келісілген жоспар бойынша ол Англияға 18 жасқа толғаннан соң, яғни тамыз айында баруға тиіс еді. Алайда «Челси» клубының басшылығы Дастанды маусымалды жиындарға қатыстыру үшін ертерек клуб сапына жіберуді сұраған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары