Абай облысының тұрғыны әлеуметтік желі арқылы әнші Қайрат Нұртастың концертіне билет сатып алмақ болып, алаяққа алданып қалды. Бұл туралы turkystan.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.
Семей қаласының полициясына медициналық колледж студенті арызданған. Оның айтуынша, бейтаныс адам әлеуметтік желі арқылы әншінің концертіне билет сататынын айтып, 10 мың теңгесін иемденген.
"Жәбірленуші ақшаны банк қосымшасы арқылы аударған. Жедел іздестіру шаралары барысында күдікті анықталып, ұсталды. Ол – Семей қаласының 20 жастағы тұрғыны. Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Ұрланған қаражат иесіне қайтарылды", – деп хабарлады полиция.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.