"Сіздерден көрімдік күтемін": Жұлдызай Дүйсенбиева алғаш рет отбасын көрсетті (ВИДЕО)

/
"Сіздерден көрімдік күтемін": Жұлдызай Дүйсенбиева алғаш рет отбасын көрсетті (ВИДЕО)
SN.kz коллажы

Әзілкеш әрі актриса Жұлдызай Дүйсенбиева жеке концертінде отбасын таныстырып, көрерменге ерекше сәт сыйлады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өнер иесі сахнада отбасылық суреттерін көрсетіп, бұл кадрлардың жасанды интеллект арқылы жасалмағанын әзілмен жеткізді.

"Тойда түскен суретіміз бар. Бұл ЖИ емес, өзіміз. Одан кейін үйімізде қызымызбен отырған сәтіміз бар. Беташардан да суретім бар. Сіздерден көрімдік күтемін", – деді Жұлдызай Дүйсенбиева.

Сонымен қатар әзілкеш концерт барысында басынан өткен қызықты оқиғалардың бірін айтып берді. Оның сөзінше, "Шаншар" театрында жүрген кезінде Уәлибек Әбдірайымов оны қайтыс болды деп ойлап, үйіне іздеп барған.

Бұл оқиға желі қолданушыларының да есінде қалған. Көпшілік аталған әңгімені қанша рет естісе де жалықпайтынын айтып, пікір қалдырған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары