Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан зардап шеккендердің бірі көз жұмды

/
Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан зардап шеккендердің бірі көз жұмды
istockphoto

Дәрігерлер Ақтөбе-Астрахань тас жолында болған жол апаты салдарынан тағы бір адамның қайтыс болғанын мәлім етті, деп хабарлайды turkystan.kz 24kz-ке сілтеме жасап. Бұған дейін оқиға орнында екі адам көз жұмған еді.

Медицина қызметкерлерінің мәліметінше, Ақтөбе облысындағы Ақтөбе-Астрахань тас жолында болған жол-көлік оқиғасында зардап шеккен бір адам қайтыс болды. Бұған дейін зардап шеккен 8 адам Байғанин аудандық ауруханасына жатқызылған.

"Ауыр халдегі пациентті аман алып қалу мүмкін болмады. Қалған зардап шеккендер қажетті ем-дом алып жатыр. Ақтөбеден мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін санитариялық авиация бригадасы келді", - деді Байғанин аудандық орталық ауруханасы басшысының міндетін атқарушы Досбол Әуезов.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары