2009 жылғы жасөспірім үй жануарларын суаруға арналған жасанды су қоймасына шомылған. Құтқарушылар марқұмның мүрдесін алып шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Облыс орталығында қайғылы жағдай болды. Үй жануарларын суаруға арналған және шомылуға болмайтын жасанды қазаншұңқырда 2009 жылы туған бозбала суға батып кеткен.
Хабарлама түскеннен кейін оқиға орнына Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары дереу жіберілді. Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында жедел-құтқару жасағының құтқарушылары қаза тапқан жасөспірімнің мүрдесін тауып, судан шығарды, - деп хабарлады өңірлік Төтенше жағдайлар департаментінен.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Құтқарушылар жабдықталмаған және тыйым салынған жерлерде шомылу өмірге үлкен қауіп төндіретінін ескертті. Балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігіне ерекше назар аударып, оларды су бойында қараусыз қалдырмау қажет. Сондай-ақ су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері туралы үнемі ескертіп отырған абзал.