Ақтөбе облысында ірі жол апатынан екі адам қаза тапты

/
Ақтөбе облысында ірі жол апатынан екі адам қаза тапты
Видеодан скриншот

Ақтөбе — Астрахань республикалық маңызы бар автожолының Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылы маңында ірі жол-көлік апаты тіркелді, деп хабарлайды Kazinform агенттігіне сілтеме жасаған turkystan.kz.

Агенттіктің жазуынша, DAF маркалы жүк көлігі Toyota Camry маркалы екі жеңіл автокөлікпен соқтығысып, жеңіл көліктің бірі сол жерде өртенген.

Ақтөбе облыстық ПД-ның мәліметінше, жол апаты салдарынан екі адам оқиға орнында қайтыс болған. Сондай-ақ түрлі дене жарақатын алған сегіз адам Байғанин аудандық орталық ауруханасына жеткізілген.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жол апатына қатысты барлық мән-жайды, оның себебін анықтап жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары